
Даулетұлы Еркін
Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Еркін Дәулетұлы 1993 жылы 23 маусымда Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 2015 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Заңгер мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің "Достық кедені" РММ бастады.
Әр жылдары «Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, тұқым шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы, құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің жетекші маманы, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы, Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап-"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Жетісу облысы бойынша департаменті" еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы.
