
Романова Наталья Сергеевна
«А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өмірбаян
1957 жылы 19 шілде Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1982-1987 жылдары Шымкент педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі мамандығын, 2011 жылы Мирас университетін «Педагогика және психология» мамандығын тәмамдады.
1974-1980 жылдары Мәдениет сарайында қуыршақ театрының режиссері;
1980-1981 жылдар аралығында «Эластик» балабақшасында тәрбиеші;
1981-1986 жылдары Еңбекші ауданында пионерлер үйінде қуыршық үйірмесінің жетекшісі;
1986-1987жылдары Еңбекші ауданында пионерлер үйінің әдіскері;
1987-1997жылдары Еңбекші ауданында пионерлер үйінің директоры;
1997-1998 жылдары «Жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасының маманы;
1998-2020 жылдары «Оқушылар сарайының» директоры;
2021-2022 жылдары «А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының» директорының міндетін атқарушы;
2022 жылдан бастап кәзіргі таңға дейін «А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының» директоры болып тағайындалды.




