
Дуанаев Еркебұлан Жақанұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Дуанаев Еркебұлан Жақанұлы1986 жылы 24 сәуірде Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін жене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданының орта мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014-2015 жылдар аралығында Аралтөбе орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2015 – 2020 жылдар аралығында Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2022 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы мамыр айына дейін Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып жұмыс атқарды.
2023 жылдың 16 мамыр – 2024 жылдың 19 наурыз аралығында Жетісу облысының дене шынықтыру басқармасының ұлттық және бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфраструктураны дамыту бөлімінің басшысы міндетін атқарды.
2024 жылғы 19 наурыздан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
