
Өмірбаян
1986 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін қаржы, Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бітірген.
Дзюдодан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы. Қазақ күресінен ҚР спорт шебері.
04.01.2006 - 03.01.2007ж. кезеңінде ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында дзюдодан (ерлер) ҚР Ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы;
03.01.2008-05.11.2012жж. -ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дзюдодан (ерлер) ҚР Ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы;
17.05.2010-30.09.2017ж. кезеңінде «Bagueri Asia» ЖШСнде менеджер;
03.07.2017-05.04.2021ж. - «Qazaq kuresi» халықаралық федерациясы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі бас хатшысының кеңесшісі, бас хатшысы;
05.04.2021-15.03.2023жж. - «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры.
15.03.2023-13.06.2023жж. - Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының м.а.
13.06.2023-05.09.2024жж. - Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
04.10.2024-05.03.2025жж. - Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі
2025 жылдың наурыз айынан бастап – Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
