Аубакирова Екатерина Сергеевна

    Әдеп жөніндегі уәкілі

    Аубакирова Екатерина Сергеевна
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Аубакирова Екатерина Сергеевна

    Әдеп жөніндегі уәкілі

    Өмірбаян

    Аубакирова Екатерина Сергеевна 1993 жылғы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген.

    Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2016 жылдан 2017 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

    2017 жылдан 2019 жылға дейін– Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығында жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы.

    2019 жылғы ақпан–қыркүйек айлары аралығында – Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.

    2019 жылдан 2023 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция басқармасының бас маманы.

    2023 жылдан 2025 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері.