Оспанов Қанат Тәңірбергенұлы

    "Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Оспанов Қанат Тәңірбергенұлы
    Директор

    Оспанов Қанат Тәңірбергенұлы

    "Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Өмірбаян

    Кемелбаев Данияр Барлыбекұлы, 1978 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Киров ауданына қарасты Ленин колхозында дүниеге келдім. 1985–1995 жылдары осы ауылдағы Ж. Егінбаев атындағы орта мектепте орта білім алды.

    1995–1999 жылдары Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Музыка және педагогика» факультетін бітіріп, музыка пәнінің мұғалімі мамандығын иелендім. 2015–2017 жылдары Ө.Ә. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.

    Еңбек жолы 1999 жылы Көксу ауданындағы жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пәнінің мұғалімі ретінде бастадым. Сонымен қатар Көксу аудандық мәдениет үйінде музыкалық сүйемелдеуші қызметін атқарды.

    2005–2008 жылдары Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметінде болдым. 2008–2017 жылдары Көктөбе және Көкжазық ауылдық мәдениет үйлерінің директоры, сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

    2017–2019 жылдары Ескелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман қызметін атқардым. 2019–2021 жылдары Сырымбет ауылдық мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істедім. 2021 жылдан 2025 жылдың соңына дейін аудандық мәдениет үйінде көркемдік жетекші қызметін атқардым. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Ескелді ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне қайта тағайындалды.

    Мәдениет саласында еңбек ете жүріп, бірнеше музыкалық ұжымдар құрдым. Аудандық жігіттер вокалы, «Самғау», «Бастау» топтары облыстық байқауларда бірнеше рет бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ балалардан құралған «До-ре-ми» балалар вокалдық тобын ұйымдастырдым. Қажырлы еңбегімнің нәтижесінде мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесім үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Отбасын құрғанмын. Қазіргі таңда екі ұл, үш қыздың әкесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері