Алимбаев Серік Мұратұлы

    Қаратал ауылдық округінің әкімі

    Алимбаев Серік Мұратұлы
    Аким

    Алимбаев Серік Мұратұлы

    Қаратал ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылында 1972 жылы 05 қаңтарда дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды Қазақтық тұтыну кооперациясы институтына оқуға түсіп, аталған институтты 1999 жылы бітіріп, экономист мамандығын алып шықты.

    Еңбек жолын 1994 жылдың қыркүйек айында «Керімбеков» ШҚ есепші-кассирі мамандығынан бастады. 1995-1997 жылдар арасында ҚР Қаржы Министрлігінің Талдықорған ауданы бойынша Мемлекеттік Қаржы бақылау Комитетінің ревизор-тексерушісі болып жұмыс істеп, 1998-1999 жылдары Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Қарабұлақ кентінде Талдықорған ауданы әкімі аппаратының экономика басқармасының жетекші маманы, 1999-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы «Атадан» ЖШС-нің бас есепшісі, 2001-2005 жылдар аралығында «Ремстройсервис-АС» ЖШС-нің директоры, 2005-2009 жылдары Павлодар қаласының «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нің Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалының директор орынбасарының міндетін атқарушы, 2009-2010 жылдар аралығында Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылы «Алтын» шаруа қожалығының бас есепшісі, 2010-2011 жылдары Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарып, 2012-2016 жылдары Ескелді аудандық экономика бөлімінің басшысы міндетін атқарды. 2016-2020 жылдар аралығында Қаратал ауылдық округінің әкімі болып жұмысын атқарған. 2020 жылдың 23 қыркүйектен бастап, Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округінің әкімі болып жаңа мерзімге қайта тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері