Идрисов Даулет Садырұлы

    Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі

    Идрисов Даулет Садырұлы
    Аким

    Идрисов Даулет Садырұлы

    Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1972 жылы 15 мамырда Алматы облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылдары Ескелді ауданы Жетісу ауылының Жетісу орта мектебінде оқыды. 1990 жылдан 1994 жылға дейін Қазақ мемлекеттік академиясында маркетинг және коммерция мамандығы бойынша оқыды.

    Еңбек жолын 1989-1990 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылындағы "Коминтерн" ЖШС-де экспедитор-жүргізуші болып бастаған. 1995-1998 жылдары "Қаратал"ауыл шаруашылығы кәсіподағында ішкі коммуникациялар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылындағы "Ыдырыс" шаруа қожалығының төрағасы болды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін Алматы облысы Текелі қаласының Салық комитетінің инспекторы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2002 жылға дейін Алматы облысы Текелі қаласының салық комитетінде жетекші маман болып жұмыс істеді. 2002 жылдың күзінде Салық комитетінің бас инспекторы болып тағайындалды. 2002 жылдың қараша айында Төленгіт ауылдық округінің әкімі қызметіне ауыстырылды. 2003 жылдан 2010 жылға дейін Қаратал ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2010 жылдың күзінде Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды. 2010 жылдан 2012 жылға дейін кәсіпкерлік және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарды. 2012-2014 жылдары Ескелді ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2014 жылдан 2021 жылға дейін "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылғы 1 сәуірде Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері