
Бораш Ардақ Раббимұлы
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Бораш Ардақ Раббимұлы 1985 жылы 1 сәуірде Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген.
2007 жыл - Қазақстан-Британ техникалық университеті. Мамандығы - мұнай және газ кен орындарын игеру.
2009 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Мамандығы - қаржы.
2017 жыл - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті. Мамандығы - геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бойынша техника ғылымдарының магистрі.
2023 жыл - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. Мамандығы – геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша доктор PhD.
04.07.2007-30.03.2023 жж. - «Раббим-Құрылыс» ЖШС инженері.
30.03.2023 жылдан бастап Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы.
Марапаттары:
2023 жылы – «Бейнеу ауданына 50 жыл» мерекелік медалі
2024 жылы – «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалі
2024 жылы – Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы
