Оспанов Жасұлан Көшбайұлы

    Аппарат басшысы

    Оспанов Жасұлан Көшбайұлы
    Руководитель аппарата

    Оспанов Жасұлан Көшбайұлы

    Аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Оспанов Жасұлан Көшбайұлы 1980 жылы 23 мамырда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосында дүниеге келген.

    1988 жылы осы селодағы М.Бегенов атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, аталаған мектепті 1998 жылы толықтай бітірген. Осы жылдың күзінде Ақтау қаласындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының 1 курсына қабылданып, аталған оқу орнының толықтай курсын 2003 жылы бітіріп, осы оқу орнының «Су көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру инженері» мамандығын алып щықты.

    2011-2013 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы «Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университеті оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

    2013-2015 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде «Техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім алды.

    Үйленген. 4 баланың әкесі.

    Еңбек жолын 2001 жылы Ақтау қаласындағы «Казавтожол» РМК жұмысшы болып бастады.

    2001-2003 жылдары Бейнеу селосындағы «Берекет» ЖШС мекемесінде механик қызметін атқарды.

    2004-2005 жылдары «Рсалы-Бейнеу» ЖШС мекемесінде мастер қызметін атқарды.

    2006 жылы Жаңа-Өзен қаласындағы «Таң-транс» ЖШС мекемесінде машинист болып қызмет атқарды.

    2007 жылдан бері әкімшілік саласында қызмет атқарып келеді, тоқтала кетер болсақ, 2007 жылы Бейнеу селосы әкімінің аппаратының коммуналдық жұмыстар бөлімінің бастығы, осы мекемеде бас маман болып жасады.

    2009 жылы Бейнеу селосы әкімінің көмекшісі,

    2010 жылы Бейнеу селосы әкімінің орынбасары және 2011 жылдың 1- сәуірден Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2012 жылдың 17 қаңтарынан Бейнеу селосы әкімі болып қызмет атқарды.

    2017 жылдың 7 тамызынан Бейнеу аудандық әкімінің аппаратының бас инспекторы болып қызмет атқарды.

    2017 жылдың 31 тамызынан бастап Бейнеу аудандық мәслихаты аппаратының бас инспекторы болып жұмыс жасады. Сол жылдың 15 қыркүйегінен күні бүгінге дейін Бейнеу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері