Жолдыбеков Жарқын Оразғалиұлы

    ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

    Жолдыбеков Жарқын Оразғалиұлы
    Руководитель отдела

    Жолдыбеков Жарқын Оразғалиұлы

    ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1962 жылы 6 қарашада Семей облысы Жаңа Семей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келді. Қазақ, білімі жоғары. Үйленген, екі баласы бар.
    2003 жылы «заңгерлік» мамандығы бойынша Новосибир гуманитарлық институтын бітірді.

    Еңбек жолын 1983 жылы қыркүйекте Новопокровка совхоз техникумының 3-санаттағы жүргізуші болып бастады. 1984 жылдың қазанынан бастап 2009 жылдың шілдесі аралығында Бородулиха ауданының ішкі істер органдарында қызмет етті. 2009 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың шілдесі аралығында Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2016 жылдың шілдесі мен 2017 жылдың мамыры аралығында «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысының міндеттерін уақытша атқарды.
    Аудан әкімінің 2017 жылдың 19 мамырындағы өкімімен «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері