
Бергенев Дамир Мансұрұлы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1978 жылы 4 желтоқсанда Семей облысы, Бородулиха ауданы, Шелехово ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі – жоғары. 2005 жылы «экономист» мамандығы бойынша Қазақ қаржы-экономикалық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Бородулиха ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің инспекторы лауазымынан бастаған, мұнда 2008 жылдың ақпан айында дейін бас салық инспекторы, өндіріп алу бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы, аудит бөлімнің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2008 жылдың ақпанынан 2011 жылдың мамырына дейін Бородулиха аудандық пошта байланысы торабының бастығы. 2011 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушысы.
2011 жылдың 14 қыркүйегінде Бородулиха ауданы әкімінің өкімімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.



