
Омарова Наргиз Сапарқызы
Денисов аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі
Өмірбаян
Омарова Наргиз Сапарқызы 1988 жылы 27 шілдеде Қостанай облысы Денисов ауданы Денисовка ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Қазтұтынуодағы Қостанай экономикалық колледжін қаржы және несие мамандығы бойынша, 2010 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылдан 2010 жылға дейін "Нұрбанк" АҚ-да кассалық операциялардың кассирі болып жұмыс істеді.
2010 жылдан 2011 жылға дейін «Қайрат» Ш/Қ бухгалтері болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2020 жылға дейін "Омаров" ЖК әкімшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдан 2025 жылға дейін "AMANAT" партиясы Денисов аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Қайрат" Ш/Қ басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.





