
Божко Семён Анатольевич
Денисов аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі
Өмірбаян
Божко Семен Анатольевич 1991 жылы 19 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Фрунзенское ауылында дүниеге келген.
2015 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Камышин мемлекеттік мекемесі» ММ орманшы болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2015 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Камышин мемлекеттік мекемесі» ММ шебері болып жұмыс істеді.
2015 жылдан 2018 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысы лауазымында жұмыс істейді.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі.





