
Самежанов Берик Есенгельдиевич
Жарма ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1982 жылдың 02 ақпанында Оңтүстік-Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Ванновка ауылында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетін аяқтап, халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі экономист, 2013 жылы Семей қаласының «Қайнар» университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, 2007-2009 жылдары аталған бөлімде сектор меңгерушісі.
2009 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Шалабай ауылдық округінің әкімі
26.08.2009ж- 11.10.2017 ж. «Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
12.10.2017 - 05.12.2022 ж. аралығында Қалбатау ауылдық округі әкімінің қызметін атқарды.
2022 жылдың 6 желтоқсандағы № 12 өкіміммен Абай облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



