
Шаймуратов Канат Рымханович
Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы
Өмірбаян
1975 жылдың 18 сәуірінде Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің физика, информатика және есептеу техникасының мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған
1996 - 1997 жылдары аралығында Балықтыкөл ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі. 1997 - 2000 жылддары аралығында аталған мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі. 2000 - 2001 жылдары аралығында Балықтыкөл негізгі мектебінің информатика-математика пәндерінің мұғалімі. 2001 - 2004 жылдары аралығында Балықтыкөл негізгі мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2004 - 2008 жылдары аралығында Балықтыкөл негізгі мектебінің директоры. 2008 - 2009 жылдары аралығында Жарма ауданы білім бөлімінің инновациялық технологиялар орталығының директоры. 2009 - 2016 жылдары аралығында Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінің директоры. 2016 – 2021 жылдары «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің басшысы. 2021-2022 жылдары ШҚО білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы. 2022 жылдың -2024 жылдары Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың 18 қазанынан бастап Абай облысы Жарма ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады.



