Қажимқан Нұрсұлтан Қажимұратұлы

    Абай облысы Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы

    Қажимқан Нұрсұлтан Қажимұратұлы
    Бөлім басшысы

    Қажимқан Нұрсұлтан Қажимұратұлы

    Абай облысы Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы

    Өмірбаян

    Қажимқан Нұрсұлтан Қажимұратұлы 1995 жылғы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.

    2016 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Геодезия және картография» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы «Alikhan Bokeikhan University» университетін «География және тарих» мамандығы бойынша бітірген

    Еңбек жолын 2016 жылы «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бастаған.

    2016 жылғы қараша айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейін Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, кейін бас маман қызметтерін атқарған.

    2024 жылғы қыркүйек айынан 2025 жылғы қазан айына дейін Абай облысы Жаңасемей ауданының Жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2025 жылғы қараша айынан 2026 жылғы сәуір айына дейін жекеменшік салада еңбек еткен.

    2026 жылғы сәуір айынан бастап Абай облысы Бородулиха ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.

    Бородулиха ауданы бойынша конкурстық комиссияның 2026 жылғы 17 шілдедегі №117 қорытынды хаттамасына және аудан әкімінің 2026 жылғы 20 шілдедегі №22-л/с өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 20 шілдеден бастап Абай облысы Бородулиха ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері