Айдарбекова Альмира Сейдаліқызы

    Аудандық мәслихат депутаты

    Айдарбекова Альмира Сейдаліқызы
    Депутат маслихата

    Айдарбекова Альмира Сейдаліқызы

    Аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    1982 жылы 1 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылында дүниеге келді. Үш ұлдың анасы. 2000-2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің , тарих факультетінің, тарих мамандығы бойынша білім алды. 2009-2011 Әль - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығы» бойынша білім алып әлеуметтік ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте тарих пәнінің оқытушысы болып 2005-2006 жылдары басталды.2007-2008 ж.ж. әль-Фараби атындағы «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға лоборанты, 2008-2011ж.ж. «Философия және саясаттану» факультетінің «Мәдиеттану және дінтану» кафедрасының оқытушысы, осыған қоса, деканат бас маманы, әдіскері, 2011-2018ж.ж. «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметін атқарды. 2018-2020 ж.ж. «Алматы облысының білім басқармасы» ММ Жамбыл ауданы «Ұзынағаш ауылы № 16 психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің әлеуметтік педагогы, әдіскері қызметін атқарды. 2020-2021 аталған мекеменің басшысының уақытша міндетін атқарушы болып қызмет етті. 2021 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Алматы облысының білім басқармасы» «Жамбыл ауданының №10 облыстық психологиялық-медициналық – педагогикалық консультациясы» КММ –нің басшысы лауазымында қызмет атқаруда. Бүгінгі күнге дейін қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеу, әлеуметтік талдау бағыты бойынша еріктілермен бірігу арқылы бірқатар оқуқұралдары мен мақалалардың авторы. Халықаралық деңгейдегі көптеген конференциялар мен семинарларға қатысып 15-ке жуық сертификат иесі. Бүгінгі күнге дейін өз ауданым бойынша әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылар, жалғысбасты аналар, қарттар жетімдер т.б. осы секілді әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау бойынша ерітілермен бірігу арқылы бірқатар жұмыстар атқарылуда.

    Жамбыл ауданы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психо-физиологиялық түзеу мақсатында Ұзынагаш ауылында «Мейірім –шапағат» түзеу орталығының негізін қалаушы.

    Өзін-өзі ұсынған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері