
Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
Мәслихат төрағасы / VIII - шақырылым депутаты
Өмірбаян
1986 жылы 26 мамыр Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында туылған.
2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «құқық мамандығы», 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
2008-2009 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2009-2010 жылдары Қарасай ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Жамбыл ауданының көмекшісі болды.
2011-жылы Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2011-2013 жылдары Шолаққарғалы ауылдық округі әкімі қызметін атқарды.
2013 – жылы Панфилов ауданы әкімінің аппартының басшысы болды.
2013-2014 Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппартының басшысы болды.
2017-2018 жылдары Қарасай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Кербұлақ ауданы әкімінің кеңесшісі болды.
2019 жылдан 2023 жылдың 30 наурына дейін «Таңбалы» мемлекттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры қызметін атқарып келді.
2023 жылғы 30 наурыздан бастап Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы
«AMANAT» партиясының мүшесі.
