
Оңғаров Ғабиден Сарыбайұлы
Отбасылық үлгідегі Шақат балалар үйі» КММ басшысы
Өмірбаян
14.01.1972 жылы туған, білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылдың мамыр айында Қызылорда облысы Қазалы ауданының жол жөндеу мекемесінде жұмысшы болып бастады. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Павлодар облысы Ленинский кентінің №33 орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2013 жылға дейін - Шақат жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Отбасылық үлгідегі Шақат балалар үйі» КММ басшысы.
2023 жылғы 19 наурызда «AMANAT» партиясынан 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





