
Джұмадиева Мадина Алпысқызы
«TERRA PRIVATE LIMITED COMPANY» ЖШС директоры
Өмірбаян
06.05.1987 жылы туған, білімі жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «мәдениеттану» және «саясаттану» мамандықтары бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын «мәдениеттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылдың тамыз айында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мемлекеттік сатып алу бөлімінің аға маманы лауазымынан бастады, содан соң «Кереку» баспасының дизайнер-беттеушісі болып қызмет атқарды. 2012 жылдан 2015 жылға дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратура бөлімінің аға маманы және сапа менеджменті жүйесі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2020 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының консультанты, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, персоналды басқару жөніндегі консультант, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2020 жылдан бастап «Өнеркәсіптік жүйелер ПВ» ЖШС қаржы директоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады.
2023 жылғы 19 наурызда «AMANAT» партиясынан 8 сайланған Павлодар аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы





