
Өмірбаян
1991 жылғы 6 қазанда туған, білімі жоғары, «Заманауи Гуманитарлық академия» Мәскеу жоғары оқу орнын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Сүлеймен» ШҚ басшысының орынбасары қызметінен бастаған. 2015 жылдан «Смағұлов» шаруа қожалығының басшысы. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «СтройгруппPVL» ЖШС директоры болып табылады.
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





