Шугаев Жанат Рашитович

    Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы

    Шугаев Жанат Рашитович
    Депутат маслихата

    Шугаев Жанат Рашитович

    Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    16.08.1960 жылы туған, білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Павлодар ауданының «Маяк» совхозында бітіргеннен кейін бастаған. 1985-1989 жылдары - Павлодар аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бас агрономы. 1989-1990 жылдары – «Маяк» кеңшары парткомының хатшысы. 1990-1991 жылдары «Маяк» кеңшары директорының орынбасары қызметін атқарды. 1991-1997 жылдары «Павлодар БАТТ» МП компаниясын басқарды. 1997-1998 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы «БАТТ корпорациясы» компаниясының мүддесін қорғады. Кейін бес жыл бойы Петропавл кәсіпорындарын басқарды - алдымен "Смирновский элеватор» АҚ, кейін – «Қиялы Астық»ЖШС.

    2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды. 2004-2006 жылдары – «KBDG» ЖШС бас директорының орынбасары, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ президенті. 2006-2007 жылдары - Көкшетаудағы «БАТТ Агроинвест» ЖШС бас директоры. 2007-2009 жылдары Щучинск қаласында «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС басқарды. 2009-2012 жылдары Павлодар облысы Железин ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары Ертіс ауданының басшысы болды. 2013-2014 жылдары - Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары - Қашыр ауданының әкімі (2018 жылдың қыркүйегінен - Тереңкөл ауданы). 2018-2021 жылдары - Павлодар ауданының әкімі. 2021 жылы Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды. 2022-2023 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

    2023 жылғы 19 наурызда «AMANAT» партиясынан 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    2023 жылғы 30 наурызда 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері