
Шайхысламов Жан Шайхысламұлы
Қызылорда облысы әкімінің аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шайхысламов Жан Шайхысламұлы 1980 жылы 05 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Қостанай қаласы заң институтын заңгер мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
2004 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде диссертация қорғап, заң ғылымдары кандидаты атағын алған.
1996–2004 жылдар аралығында ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарған.
2004 - 2019 жылдар аралығында жеке секторда кәсіпкерлікпен айналысқан.
2019-2020 жылдар аралығында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының Байқоңыр қаласында негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімінің басшысы;
2020-2022 жылдар аралығында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары;
2022-2023 жылдар аралығында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының Байқоңыр қаласында негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімінің басшысы;
2023 жылдың 02 наурызынан бастап Қызылорда облыс әкімі аппаратының, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы;
2023 жылдың 6 қыркүйектен бастап Қызылорда облыс әкімі аппаратының, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.



