Әлжанов Мәден Алғабасұлы

    Шиелі ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

    Әлжанов Мәден Алғабасұлы
    Қызметкерлер

    Әлжанов Мәден Алғабасұлы

    Шиелі ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

    Өмірбаян

    Әлжанов Мәден Алғабасұлы 1965 жылы Жаңақорған ауданы, Красная Звезда совхозында дүниеге келген. 1980 жылы №163 орта мектепті ойдағыдай бітіріп, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек Зоомалдәрігерлік техникумына оқуға түсіп, 1984 жылы мал дәрігері мамандығын алды.

    1986-1994 жылдары туған ауылы Красная Звезда совхозында мал дәрігері болып қызмет жасады.

    1987-1993 жылдары өндірістен қол үзбей Алматы Зоомалдәрігері институтында білімін жетілдіреді. 1995-1998 жылдары «Қартайған Ата» шаруа қожалығының төрағасы. 1998 жылдан бастап «Нұр Сәулет» ЖШС-нің директоры, кәсібін дамытып, жүрген ортасында атымтай жомарт атанады, мұқтаж жандарға әрдайым көмек қолын созып, демеушілік жасап келеді. Аудан, облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    2019 жылы Нұр Отан партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    Шиелі ауданының 80 жылдық және 90 жылдық мерекелік медалімен. Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл мерекелік медалімен, Ел президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз және немерелер тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері