
Өмірбаян
Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы 1964 жылы 20 сәуір күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген.
1982 жылдың қарашасынан бастап РКФСР Красноярск өлкесінің Богучан ауданының Чунояр селосында №6604 әскери бөлімінде 1984 жылдың 25 желтоқсанына дейін қатардағы жауынгер.
1986 жылдың 1 желтоқсанынан Алматы ауылшаруашылығы инстиутының өсімдік қорғау факультетінің дайындық курсының тыңдаушысы.
1987 жылдың 1 қыркүйегінен 1992 жылдың 7 сәуірге дейін Алматы ауылшаруашылығы институтының өсімдік қорғау факультетінің студенті. мамандығы ғалым агроном.
Еңбек жолы 1981 жылы 10 қазанда Сырдария қаракөл совхозында №3 фермасында жұмысшы болып бастаған.
1985 жылдың 30 қаңтарынан Сырдария қаракөл совхозының №3 фермасында жұмысшы.
1992 жылдың 28 сәуірінен Қызылорда шегірткеге қарсы экспедициясында маман, Шиелі аудандық өсімдік қорғау станциясының КТЛ меңгерушісі.
1995 жылдың 31 қаңтарынан Аудандық мәслихат-депутаттар жиналысының бас маманы.
2005 жылы 11 сәуірде «Шиелі аудандық мәслихат аппараты» бөлім меңгерушісі.
2016 жылдың 26 ақпаннан «Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы.





