
Оразалина Анар Қайратқызы
Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясатын бөлімінің" ММ басшысы
Өмірбаян
Анар Қайратқызы - 1979 жылы 17 сәуірде Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Новопокровка ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Семей бизнес колледжін «Коммерциялық қызмет» мамандығы бойынша аяқтаған.
2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
04.2015 жылдан 11.2022 жылға дейін ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
11.2022 жылдан 07.2025 жылға дейін Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
08.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы.



