
Өмірбаян
1961 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1989 жылы Семей педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын Семей қаласындағы ет комбинатында жұмысшы болып бастады. 1986-1988жж. - Семей қаласындағы топографиялық техникумның комсомол комитетінің хатшысы. 1988 жылдан 1989 жылға дейін Семей қаласындағы топографиялық техникумда тәрбиеші. 1989-1990 жылдар аралығында Семей қаласындағы облыстық еңбек штабының бас маманы. 1990-1992жж. - Семей қаласы «Созидатель» құрылыс кооперативінің цех басшысы. 1992 жылдан 1997 жылға дейін Семей қаласындағы «Жоламан» өзін-өзі басқару ұйымының басшысы. 1998 жылы Семей қаласындағы облыстық спорт мектебінің жаттықтырушысы. 1998-1999жж. – Семей қаласы әкімінің №1 муниципалдық округінің өкілі. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Семей қаласы АҚ «Полимер-полиграфиялық комбинатының» сарапшысы. 2001-2004жж. – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары интернатының» директоры. 2004-2012жж. – жеке кәсіпкер.
2012 жылдың сәуір айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейн Достық ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың тамыз айында Достық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.




