
Өмірбаян
1968 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Сладководск ауылында дүниеге келді. Білімі - жоғары. 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «заңгер» мамандығы бойынша білім алды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл», «Астанаға – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдерімен марапатталды.
«АMANAT» партияның мүшесі
Үйленген, төрт баланың әкесі
1999 ж. бастап 2007 ж. дейін – Қызылқақ ауылдық округінің әкімі , 2007 ж. бастап -2009 ж. дейін – Қызылқақ ауылының әкімі болып жұмыс атқарды.
2009 ж. бастап 2012 ж. дейін Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
2012 ж. Ертіс аудандық филиалының «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
VI, VII, VIII сайланған Ертіс аудандық мәслихатының депутаты
VIII сайланған бірінші ұйымдастыру сессияда депутаттардың көпшілік дауыспен Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.





