
Шыңғысов Байшот Қабытайұлы
VIII сайланған Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1968 жылы 26 шілде айында Павлодар облысы Ертіс ауданы Сладководск ауылында дүниеге келді. Білімі – жоғары. 2004 ж. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Үйленген, төрт баланың әкесі.
Еңбек жолын 1986 жылы Ертіс ауданы «Западный» кеңшарының электригі болып бастады.
1990 ж. бастап 1991 ж. дейін - спорт әдіскері
1991 ж. бастап 1993 ж. дейін - инженер-электригі
1993 ж. бастап 1994 ж. дейін - «Западный» кеңшарының АТС байланыс электромеханигі 1994 ж. бастап 1999 ж. дейін - Қызылқақ ЖОББМ еңбек пәнінің мұғалімі
1999 ж. бастап 2007 ж. дейін - Қызылқақ ауылдық округінің әкімі
2007 ж. бастап 2009 ж. дейін - Қызылқақ ауылының әкімі
2009 ж. бастап 2012 ж. дейін - Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы
2012 ж. бастап 2016 ж. дейін - Ертіс аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары
2016 ж. наурыздан бастап 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін - жетінші сайланған Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы
2023 ж. 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша VIII сайланған Ертіс аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2023 ж. 30 наурызда өткен VIII сайланған Ертіс аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясында депутаттардың көпшілік дауыспен Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
«AMANAT» партияның мүшесі.
