Балмағамбетов Қайрат Маратұлы

    Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

    Балмағамбетов Қайрат Маратұлы
    Председатель

    Балмағамбетов Қайрат Маратұлы

    Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Балмағамбетов Қайрат Маратұлы 2000 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетін құқық және экономика негіздері, юриспруденция (2004ж) мамандықтары бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2003 жылы Сәтбаев қаласында «Нұр Транс Сат» ЖШС автокөлікпен жолаушылар тасымалдау жеке кәсіпорнын құрып, шағын бизнесте бастады. Саладағы жұмыс кезеңінде өзін жоғары білікті, техникалық сауатты маман, жақсы ұйымдастырушы және қабілетті басшы ретінде көрсетті. Кәсіпорынның тұрақты қызметін қамтамасыз етуге және қалалық жолаушылар тасымалдау жүйесін дамытуға зор үлес қосты. «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «АMANAT» партиясының Ұлытау облысы бойынша Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс атқарған. Сәтбаев қалалық мәслихатының VI, VII, VIII шақырылыстарының депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы, облыс және қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың мүшесі. Депутаттық өкілеттіктерін адал орындайды. Сайлаушылармен тұрақты байланыста болып, сайлау округіндегі жұмысты ұтымды жүргізеді, қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін қарауда және шешім қабылдауда табандылық пен бастамашылық танытады. Қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады. Халықтың аз қамтылғын топтарын қолдау жөніндегі қайрымдылық акцияларын ұйымдастырып өткізуге үнемі қатысып отырады. Жан-жақты білімінің, тапсырылған іске жауапкершілігінің, табандылығының және талап қоя білушілігінің арқасында қала тұрғындарының арасында құрмет пен беделге ие болды. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды қоғамдық штабының мүшесі ретінде бірқатар жұмыстар атқарды.