Таишев Бердібек Еркінбекұлы

    Департамент басшысы

    Өмірбаян

    Бердібек Еркінбекұлы Таишев, 1988 жылы 17 желтоқсанда туған.

    Екі жоғары білімі бар:

    - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, гуманитарлық факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 2010 жыл;

    - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, экономика және құқық факультеті, құқықтану, 2014 жыл.

    Еңбек жолын 2012 жылы Атырау облысы Әкімінің аппараты Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында инспектор болып бастаған.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Құқықтық, кадр жұмысымен мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маман.

    2012-2013 жылдары Атырау қаласы әкімінің аппараты Қалалық білім бөлімінде Бала құқығын қорғау жөніндегі бас маман болып жұмыс істеді.

    Қалалық білім бөліміне қарасты А.П.Чехов атындағы №14 негізгі мектебінде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Жетекші маман.

    2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Бас маман.

    2017-2019 жылдары Атырау қаласы әкімінің аппараты Қалалық білім бөлімінде Әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметін атқарды.

    2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы

    2020 жылғы 01 сәуірде Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.

    2020 жылы "Еркін күрес жанашыры" және басқа да мерейтойлық және салалық медальдармен марапатталған.

    2 бала тәрбиелеп отыр.