
Өмірәлиев Асылхан Сүлейменұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Өмірәлиев Асылхан Сүлейменұлы 1971 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1978 жылы №159 «Еңбекші» орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1988 жылы осы мектептің 10 сыныбын бітірген. 1992-1996 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп «географ, экология» пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолы:
1988-1992 жылдары Еңбекші совхозында қарапайым жұмысшы болып бастады.
1992-1996 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп «географ, экология» пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
1996-1998 жылдары Алматы қаласында №139 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияда география пәнінің мұғалімі.
1998-2002 жылдар аралығында №159 «Еңбекші» орта мектебінде география пәнінің мұғалімі.
2002-2004 жылдар №159 «Еңбекші» орта мектебінде мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары.
2004-2007 жылдар аралығында №241 Қ.Әбдіқадіров атындағы орта мектеп директоры.
2012-2014 жылдар аралығында №159 «Еңбекші» орта мектебінде мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары.
2014-2017 жылдар №241 Қ.Әбдіқадіров атындағы орта мектеп директоры.
2017-2024 жылдар осы уақытқа дейін №206 «Жиделіарық» орта мектептің директоры
2024 жылдан осы уақытқа дейін №159 «Еңбекші» орта мектептің директор қызметін атқарып келеді.
Еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше рет Республикалық, Облыстық құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталған.
Отбасылы.





