
Депутат маслихата
Сәулебек Қанат Тасболатұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Сәулебек Қанат Тасболатұлы 1972 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылдар аралығында №152 қазақ орта мектепте білім алған.
1989-1995 жылдар аралығында Алматы ауыл шаруашылығы институтында оқыған, білімі жоғары.
Еңбек жолы:
1995 жылы «Сырдария» өндірістік кооперативінде аға электрик болып бастаған.
1996-1997 жылдары «Жібек жолы» шаруа қожалығында есепші,
1994-2004 жылдар аралығында «Жөлек» акционерлік қоғамында президент.
2004 жылдан бастап «Айболат» шаруа қожалығында зоотехник болып жұмыс атқарып келеді.
Отбасылы.





