1961 жылы 24 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен-Дихан ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік және Алматы гуманитарлы-техникалық университеттерінде оқып, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығына және кәсіптік оқыту бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесіне ие болды.
Еңбек жолын 1978 жылы «Октябрь» колхозында жұмысшы болып бастады. Қазіргі уақытта зейнеткер. Қонаев қаласы мәслихатының VIІI шақырылымының депутаты. Өзін-өзі ұсынған.
№12 сайлау округінің депутаты
Шекаралары:
Шеңгелді ауылы
Кербұлақ ауылы
Сарыбұлақ ауылы
Ақөзек ауылы
Қосқұдық станциясы; Тасқұм; Құлантөбе; Бөктер разъездері
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:

Ауыл тұрғындарының өмір сапасы жақсарту мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласында өзекті мәселердің шешімін табуға;

Шеңгелді ауылындағы Қайнар ықшам ауданының сауда орындар алаңына асфальт салдыру;

Кербулақ,Сарыбұлақ ауылының мектеп ауласын асфальттау;

Жас мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу;

Үй салу үшін жер тілімдерін беру;

Кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын ашып ауылдастарымды жұмыспен қамтамасыз етуге, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына кедергі келтіретін барлық құқықтық мәселелерді қарастыруға;

Ауыл шаруашылығын дамытуға жеңілдікпен берілетін несиелерді ауыл тұрғындарына қолжетімді етуге, коммуналдық қызмет көрсетудегі кемшіліктерді: аула, көшені жарықтандыру елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, ауылдардағы канализация қызметін жақсарту;

Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына көмек көрсету;

Коррупция мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрғындар арасында жұмыс жүргізу, жеке адамдардың құқығын таптауга қарсы қоғамдық белсенділердің штабын құру.