
Шалгимбаева Зухра Мұхамеджанқызы
Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппараты кеңсесінің бөлім басшысы
Өмірбаян
1967 жылы 28 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданының Мостик ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей университетін бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылдың мамыр айында №64 Бородулиха өндірістік-монтаждық компаниясының бухгалтері ретінде бастады. 1985 жылдың тамыз айынан 1987 жылдың мамыр айы аралығында Семей қаржы- экономикалық техникумында оқыды. 1987 жылдың мамыр айынан 1987 жылдың маусым айы аралығында уақытша жұмыс істемеген. 1987 жылдың маусым айынан 1995 жылдың сәуір айы аралығында Бородулиха ауданының мемлекеттік сақтандыру инспекциясында экономист болып жұмыс істеген, кейін директордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. 1995 жылдың сәуір айынан 2003 жылдың шілде айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының салық инспекциясының салық салу бөлімінің инспекторы ретінде қызмет атқарған. 2003 жылдың шілде айынан 2006 жылдың маусым айы аралығында уақытша жұмыс істемеген. 2006 жылдың шілде айынан 2008 жылдың қаңтар айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының статистика бөлімінің маманы. 2008 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың наурыз айы аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы. 2010 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бастығы.



