Досмаганбетов Даурен Досмаганбетович

    Шиелі аудандық мәслихат депутаты

    Досмаганбетов Даурен Досмаганбетович
    Мәслихат депутат

    Досмаганбетов Даурен Досмаганбетович

    Шиелі аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Досмаганбетов Даурен Досмаганбетович, 1968 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келді.

    1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетін инженер-механик мамандығы бойынша және 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» факультетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты.

    Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда электр желілері мекемесінде инженер-механик қызметінен бастады.

    1993 жылдан бастап 2007 жылға дейін «№6 кен басқармасы» мекемесінде төмендегідей қызметтер атқарды:

    • 1993 жылы – жол-құрылыс машиналары мен тракторларды жөндеу слесарі;
    • 1993-1995 жылдар аралығында – автошаруашылық диспетчері;
    • 1995-2000 жылдар аралығында – жүк көтергіш механизмдер мен жол-құрылыс машиналарын пайдалану және жөндеу инженері;
    • 2000-2001 жылдар аралығында – жүк көтергіш механизмдер мен жол-құрылыс машиналарын жөндеу шебері;
    • 2002-2006 жылдар аралығында – автошаруашылықтың бас инженері;
    • 2006-2007 жылдар аралығында – автошаруашылықтың басшысы;

    2007 жылдан бастап 2023 жылға дейін «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «СКК-Шиелі» филиалында төмендегідей қызметтер атқарды:

    • 2007-2011 жылдар аралығында – бас инженер;
    • 2011-2012 жылдар аралығыгда – Еңбекті қорғау және техникалық кауіпсіздік бөлімінің басшысы;
    • 2012-2018 жылдар аралығында – бас инженер;
    • 2018-2022 жылдар аралығында – директор.

    2023 жылы мекеме атауының өзгеруіне байланысты, бүгінгі күні «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалының директоры қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері