
Шәукебаев Қазбек Алтынбекұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Шәукебаев Қазбек Алтынбекұлы 1972 жылы
14 ақпанда Шиелі кентінде дүниеге келген.
1979 жылы Шиелі кентіндегі № 46 А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне барып, аталған мектепті 1989 жылы бітірді. Мектептен соң 1989 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетіне түсіп, 1995 жылы бітіріп дәрігер мамандығын алып шықты.
2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университенің Экономика факултетінің экономика мамандығы бойынша білім алды.
1995 жылы Шиелі аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімшесінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып бастады. Осы мекемеде аудан медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы қоғамдық жұмысын қоса атқарды.
2003-2010 жылдар аралығында №6 Кен басқармасының медико санитарлық бөлімінің Шиелі филиалының бас дәрігері қызметін атқарды;
2010-2014 жылдар аралығында Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері;
2014-2015 жыл аралығында Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері;
2015 жылдың қараша айынан амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің бастапқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі.
V және VІ – шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының депутаты болды.
Отбасылы 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.





