
Әубәкіров Дихан Уалиханұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Әубәкіров Дихан Уәлиханұлы 1962 жылы
14 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы 1 мамыр елдемекенінде дүниеге келді.
1969 жылы жергілікті №40 мектепке барып, 7 сыныпты бітіргеннен кейін Шиелі кентіндегі №45 қазақ орта мектебін 1979 жылы бітірді. Осы жылы Шиелідегі ПМК-9 мекемесінде жұмысшы болып бастады.
1980 жылы Қызылорда политехникалық техникумына түсіп, 1983 жылы техник-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1983-1985 жылдары әскер қатарында борышымды өтеді. 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1985-2011 жылдары аудандық суландыру жүйелері басқармасына құдық қазушы болып жұмысқа қабылданып, инженер гидрометр, учаске бастығы, бас инженер болып қызметтер атқарды.
2011-2021 жылдар аралығында «Шиелісушар» өндірістік учаске басшысының орынбасары болды.
2015 -2016 жылдары Сырдария өзенінде салынған үрлемелі плотинаны салуға маман есебінде жетекшілік етті.
2021 жылдан бері «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Отбасылы, бүгінгі күні 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.





