
Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы 1963 жылы 27 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Коммунизм» кеңшарында дүниеге келген.
1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты филиалын,
2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы: құрылыс инженері, заңгер.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария совхозында құрылыс мастері болып бастаған;
1985-1987 ж.ж. Кеңес Армиясы қатарында;
1987-1994 ж.ж. Жалағаш аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде және Жалағаш МПМК-08 мекемесінде инженер-құрылысшы, аға-маман, аға инженер;
1994-1998 ж.ж. “Жігер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы;
1998-2004 ж.ж. Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Жалағаш аудандық филиалы меңгерушісі;
2004-2008 ж.ж. Жалағаш кентінің әкімі;
2008-2009 ж.ж. “БТА” банк акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының Жалағаш ауданындағы бөлімшесінің бастығы;
2009-2013 ж.ж. “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы;
2013-2014 ж.ж. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2014 - 2018 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;
2018 - 2023 ж.ж. “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы.
