
Өмірбаян
Сарбалаев Талғат Жақсыбайұлы 1969 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2003 жылы Қызылорда «Экономика, экология және құқық» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік басқару» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Жалағаш ауданы «Ақсу» совхозында жұмысшы болып бастаған.
КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет еткеннен кейін 1989 жылы Жалағаш ауданының «Ақсу» совхозында жұмысын жалғастырды.
1989 - 1991 жылдары Жалағаш кентіндегі МПМК-08 облагроөнеркәсіп құрылысында 2-разрядты тас қалаушы.
1991 - 1994 жылдары Жалағаш ауданының Пионерлер үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істеді.
1994 - 1997 жылдары «Қолғанат» шағын кәсіпорнының директоры. Осы кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан шығарылды.
1999 - 2003 жылдары Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт-Сейхун-Арал» тауар биржасында биржалық брокер болып жұмыс істеді.
2004 - 2005 жылдары Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының маман-заңгері.
2005- 2006 жылдар аралығында Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы.
2006-2009 жылдары Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.
2009-2021 жылдары Жалағаш аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
