
Фарзалиев Видади Вагифович
№19 бір мандатты округ бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1993 жылы 2 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
Білімі.
2015 жылы Қазақ-Орын халықаралық университетін құқық мамандығы бойынша бітірді.
2021 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірді.
2012-2024 жылдары Ақтөбе қаласындағы әзірбайжандар диаспорасының жастар қанатының төрағасы болды.
2015 жылы "АҚТӨБЕ-СӘУЛЕТ" ЖШС жұмысшы болып жұмыс жасады.
2020 жылдан бері "Информстройсервис" ЖШС жабдықтаушы болып жұмыс жасап келеді.
2019 жылдан бері "Фарзалиев В.В." ЖК директоры.
2024 жылдан бері Ақтөбе қаласындағы әзірбайжандар диаспорасы төрағасының орынбасары қызметінде.
2023-2025 жылдары Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
Алғыс хаттары:
Ақтөбе облысы әкімі Е.Сағындықовтан алғыс хат.
Әзірбайжан республикасының бас консулдығынан алғыс хат.
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Баймұхановтан мадақтама.
«Amanat» партиясының мүшесі.
2025 жылдың 30 наурызынан №19 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаты болып сайланды.
Телефон: 8-708-088-0007
E-mail: [email protected]
Instagram: @farzaliyev.vidadi





