
Усумбеков Нуржан Оралбаевич
Аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Усумбеков Нұржан Оралбайұлы, 1977 жылы Қарағанды облысы Мичурин ауданы Топар кентінде туған, 2022 жылдан бастап "AMANAT" партиясының мүшесімін.
Екі жоғары білімі бар: пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру, техника және технологиялар.
Еңбек жолын 1995 жылы Автослесарь ретінде Молодежный кенішінде бастады, 1999 жылы эскаватордың көмекшісі, кейін машинисі болып ауыстырылды.
2007 жылдан 2013 жылға дейін жеке құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Арселор Миталл темір рудасы департаментінде бас механик болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2016 жылға дейін "Алтыналмас" АҚ-да автокөлік кәсіпорнының бастығы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары "Шұбаркөл премиум" ЖШС технологиялық кешен учаскесінің бастығы қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақмыс Коал" ЖШС-де әртүрлі басшылық лауазымдарында жұмыс істейді.
Осакаров аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
Осакаров аудандық мәслихатының аудандық бюджет және экономикалық даму жөніндегі комиссиясының мүшесі.
"АMANAT" партиясының мүшесі.





