
Өмірбаян
Летута Виктор Николаевич, 1962 жылы туған, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Скобелевка ауылының тумасы , 2022 жылдан бастап "AMANAT" партиясының мүшесі.
2013 жылы Мичурин аграрлық-техникалық колледжін агроном мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1982 жылы Осакаров ауданының "Заря" кеңшарында жүргізуші, кейін машдвор меңгерушісі болып бастады.
1999 жылы дәнді дақылдар өсіретін ауылшаруашылық кәсіпорнын құрды.
Осакаров аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
Осакаров аудандық мәслихатының аудандық бюджет және экономикалық даму жөніндегі комиссиясының мүшесі.
"АMANAT" партиясының мүшесі.





