
Сарманова Әсел Серікқызы
№13 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1980 жылы 16 сәуірде Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді аулында дүниеге келді.
Білімі.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешен секторларындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2001 – 2004 жж. - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байғанин аудандық филиалының бақылаушы кассирі.
2004 - 2005 жж. - «Байғанин аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
2005 - 2006 жж. - «Байғанин аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
2006 - 2010 жж. - «Байғанин аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2010 - 2022 жж. - жеке кәсіппен айналысты.
2022 жылдың 6 мамырынан 2023 жылға дейін «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Алғыс хаттары:
2018 ж. - «Жомарт жүрек» медалі;
2019 ж. - ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты;
2019 ж. - «Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл» медалі;
2020 ж. - ҚР Парламент Сенатының Құрмет грамотасы;
2019 ж., 2020 ж. - Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттары;
2022 ж. – Республикалық Референдумды қолдау жұмысы бойынша ҚР Президентінің Алғыс хаты;
2022 ж. - ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты.
«Amanat» партиясының мүшесі.
2016 – 2021 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының Байғанин ауданы бойынша сайланған депутаты болды.
2023 жылдың 21 наурызынан бастап Ақтөбе қалалық мәслихатының № 13 бірмандаттық сайлау округі бойынша VIII шақырылым депутаты болып сайланды.
Телефон: 8-702-163-16-96
E-mail: [email protected]
Instagram: @asel__sarmanova





