
Рахиев Сауромбек Раманұлы
№29 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1982 жылдың 17 шілдесінде Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келді.
Білімі.
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебін аяқтады. 2002 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің “Жергілікті мемлекеттік басқару” мамандығы бойынша түлегі. Оған 2008 жылы FIABCI University (Франция Республикасы) Халықаралық университетінің “International Real Estate Specialist” дипломы табысталды.
2015 жылы Женева қаласындағы (Швейцария Республикасы) Еуропалық университетте Бизнес әкімшілігі (DBA) мамандығы бойынша доктор дәрежесін қорғап, сонымен қатар Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде “Іскерлік әкімшілік” мамандығы бойынша доктор дәрежесіне ие болды.
2004-2006 жылдары “Ақтөбе Геодезия” КҚМК жұмыс істеді.
2006 жылы “Стройка М” ЖШС серіктестіктің қаржы директоры лауазымына жұмысқа қабылданды.
2008 жылдан бастап еңбек қызметін “Жасыл Ақтөбе” ЖШС қаланы абаттандыру және көгалдандыру саласында жүзеге асырды.
2009 жылдан 2010 жылға дейін “Бизнесті дамыту орталығы” ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2010 жылы “Ақтөбе-Көкөніс” АҚ президенті лауазымына қабылданды.
2013 жылдан 2019 жылға дейін “Asia Agro Holding” ЖШС Басқарушы директоры болып қызмет жасады. Серіктестіктің негізгі қызметі Ақтөбе облысы бойынша “Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болды.
2020 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін “Family Hotel Aktobe” ЖШС директоры.
Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты.
♦ «AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылғы 19 наурыздан бастап №29 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.
Телефоны: +7 (776) 180-65-51
E-mail: [email protected]
Instagram: @saurombek_rakhiyev





