Сақтағанов Абай Дидарұлы

    №12 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Сақтағанов Абай Дидарұлы
    Қызметкерлер

    Сақтағанов Абай Дидарұлы

    №12 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1966 жылы 10 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясында дүниеге келген.

    Білімі.

    1983 жылы Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясының №74 орта мектебін бітірді.

    1987-1991 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің «Құқықтану» факультетін тәмәмдады.

    1988-1989 жылдар аралығында Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан «Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері».

    2011 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің сырттай оқу бөліміне түсіп, 2014 жылы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығын тәмамдады.

    1983-1984 жылдары Сағыз станциясының темір жол монтері болып жұмыс жасады.

    1984-1986 жылдары Кеңес әскерінің қатарында мерзімді әскери борышын өтеді.

    1986 – 1994 жылдары «Батыс Қазақстан» көліктегі ішкі істер басқармасының қызметкері болып қызмет атқарды.

    1994 – 1995 жылдары Атырау облысы «Уралкаспийрыбохрана» мекемесінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

    1995-1996 жылдары Атырау облысында жеке компанияда заңгер қызметін атқарды.

    1996-2006 жылдары Атырау облысы «Тенгизшевройл» бірлескен кәсіпорнында қауіпсіздік жүйесінде басшылық қызметте – операция офицері лауазымында жұмыс жасады.

    2006-2022 жылдары «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды, бірнеше рет «Өндіріс үздігі», «Өндіріс озаты» құрмет грамоталарымен марапатталған.

    2022 жылдан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспектор лауазымында жұмыс жасайды.

    Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар.

    «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2018 жыл.

    ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаты-2019 жыл.

    «ҚР мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі-2019 жыл.

    «Ақтөбе қаласына 150 жыл» мерейтойлық медалі – 2019 жыл.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты – 2021 жыл.

    ҚР Сенаты парламентінің төрағасы М. Әшімбаевтың құрмет грамотасы - 2021 ж.

    Партияның бірінші төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаты - 2021ж.

    "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалі - 2021 ж.

    "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалі - 2022 ж.

    "AMANAT" партиясының төрағасы Е. Қошановтың алғыс хаты - 2022 ж.

    ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың алғыс хаты - 2022 ж.

    "AMANAT" партиясының төрағасы Е. Ж. Қошановтың "Белсенді қызметі үшін" партиялық марапаты - 2023 ж.

    2011 жылдан бастап «AMANAT» Партиясының мүшесі.

    2016 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы Бақылау – Тексеру комиссиясының төрағасы.

    2019 жылдан бастап «AMANAT партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

    2019 жылдан бастап Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, одан әрі 2020 жылдан бастап Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

    Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты, «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі болды.

    2023 жылғы 19 наурыздан бастап №12 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.

    Телефоны: +7 (7132) 457355, 87018916999

    E-mail: [email protected]

    Instagram: @saktaganov_abay

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері