
Үмбетай Амантай Үмбетайұлы
№9 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
9 қарашада Шалқар ауданы Бозой селосында дүниеге келді.
Білімі.
1980-1990 жылдары Бозой орыс-қазақ орта мектебін 11 жылдық біліммен аяқтады. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін Халықаралық экономикалық қатынас мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылдың 14 маусымында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің “Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару” мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
1990-1999 жылдары “Бухара УралТрансГаз” Арал тораптық Өндіріс басқармасында слесарь, дәнекерлеуші, жүргізуші, 1999-2003 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Көліктік Бақылау комитетінің басқармасында жетекші маман ретінде жұмыс атқарды.
2003 жылдан бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қазіргі таңда құрылыс және көлік тасымалымен айналысатын ұжымды басқарады.
2015 жылдың 01 сәуірінен бастап “Қабақ баба” Қоғамдық қорының құрылтайшысы, сол жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қор Төрағасы.
2016 жылдың 21 сәуірінен бастап ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі “Шекшек Ата” Төрағасы.
Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2023 жылғы 19 наурыздан бастап №9 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.
Телефоны: 8-775-000-00-19
E-mail: [email protected]
Instagram: @amantai_umbetay





