
Қозыбақов Ұлан Ермекұлы
№23 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1988 жылы, Ақтөбе облысының, Алға ауданының Алға қаласында дүниеге келген.
Білімі.
2005 жылы Ақтөбе қаласының Қазақ-түрік лицейін бітірді.
2009 жылы Сүлеймен Демерел атындағы университетін (Suleyman Demirel University) технология инженері мамандығы бойынша бітірді.
2020 жылы Ақтөбе облысының Қ.Жубанов атындағы университетінің, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика магистрі дәрежесін алды.
2021 жыл – «Smart City» - Израиль СІМ «MASHAV» бағдарламасы . Қалалық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін басқару. Хайфа қ., Израиль.
2022 жыл– Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту: өкілетті билік органдарының рөлі.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазпочта» АҚ Ақтөбе облысының филиалында, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы болып бастаған.
2009-2012 жылдар аралығында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ және «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының рейтингтік агенттігінде» АҚ бас маман болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдар – ЖК «Козыбакова Д.Г.» жеке кәсіпкер.
2014-2022 жылдар – ЖШС «КМК Строй» компаниясының негізін қалаушы және директоры.
2023 жылдан – қазіргі таңға дейін ЖК «Козыбаков У.Е.» басшысы.
2023 жылдан – қазіргі таңға дейін "Атамекен" ҰКП Ақтөбе облысы бойынша филиалының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңестің төрағасы.
Ақтөбе қалалық мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.
2023 жылғы 19 наурыздан бастап №23 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.
Телефон: +7 (7132) 44-78-05
E-mail: [email protected]
Instagram: @ulan.kozybakov





