
Байлиева Райса Оразбекқызы
№6 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1975 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1982 жылдан 1992 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы №6 Ворошилов атындағы қазақ-орыс орта мектебінде оқыды. 2002 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжін бітірген. 2011 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Орал қаласының Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылдан 1994 жылға дейін “Спартак” балалар спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 1994-2016 жылдары Ақтөбе қаласының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
1986 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін самбо және Дзюдо күресімен, әмбебап күреспен айналысады.
2017-2020 жылдары “№1 орта мектеп ” КММ директордың сыныптан тыс тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.
2021-2023 жылдары "Болашақ" шығармашылық орталығында дзюдодан бапкер болды.
2023 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталықтың директоры болып қызмет атқарып келеді.
Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар.
Еңбегі мен атағы:
- Самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері
- Әмбебап жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері
- Дзюдодан ҚР спорт шебері
- “Жыл адамы – 2007″ атағының иегері»
- “Алтын адам – 2005″ атағының иегері»
- “Темір ханым – 2009″ атағының иегері»
Мемлекеттік марапаттар:
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты, 2019ж.
- Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған Медаль, 2019ж.
- ҚР ІІМ Министрінің Құрмет грамотасы 2000ж., 2007ж., 2014ж.
- “Үздік қызметі үшін” медалі 2008ж.
- Н.Ә.Назарбаевтың “Астананың 10 жылдығы” медалі 2008ж.
- Н.Ә.Назарбаевтың “ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл” медалі 2008ж.
- ҚР-ға қосқан үлесі үшін Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасы 2010ж.
- ҚР ІІМ министрінің 2010 жылғы “Динамоға 85 жыл” медалі.
- Ақтөбе қаласында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін облыс, қала әкімдерінен 15 грамота
- 2012 жылы жастар арасында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін “Қазақстанның үздік адамдары” кітабына енгізілді
- ҚР ІІМ министрінің 2015 жылғы “Динамоға 90 жыл” медалі.
- Н.Ә.Назарбаевтың “ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл” медалі 2016ж.
- “Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” медалі 2016ж.
- “Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін” медалі 2017ж.
- 2017 жылы “Жылдың үздік спортшысы” номинациясының иегері
Самбо күресіндегі спорттық жетістіктер:
- Самбодан ҚР 20 дүркін чемпионы
- Азияның 10 дүркін чемпионы
- Әлемнің 8 дүркін жүлдегері (Испания, Астана, Греция, Түркия, Болгария, Калининград, Красноярск, Белоруссия)
- Самбодан Әлем Кубогының 1998 жылғы чемпионы.
- Самбодан 2007 жылғы Әлем чемпионы.
- Самбодан 2008 жылғы Дүниежүзілік ойындардың жүлдегері.
- 2012 жылы Астанада өткен парламенттік ойындардың чемпионы.
Дзюдо күресіндегі спорттық жетістіктер:
- Дзюдодан 4 дүркін әлем чемпионы
- Жандосов атындағы халықаралық турнирдің 2 дүркін чемпионы 1999-2000 жж.
- 2000 ж. дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері.
- 2001 ж. дзюдодан бүкіләлемдік ойындардың қатысушысы.
- Әмбебап ұрыс бойынша спорттық жетістіктер:
- 2011, 2014жж. Әмбебап жекпе-жектен Азиада чемпионы.
- 2011 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлемнің қола жүлдегері.
- 2012 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлемнің күміс жүлдегері.
- 2014 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы.
- 2015 жылғы Әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы.
- 2015 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы.
- 2016 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы.
- 2017 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы.
- 2018 жылғы Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2023 жылғы 19 наурыздан бастап №6 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Телефон: +7 (701) 470-42-93
E-mail: [email protected]
Instagram: @raisabailieva





